НҰР-СҰЛТАН,08 қаңтар.Сомалиде әскери керуенді нысанаға алған бомбалы шабуылда 2 әскер қаза тауып, 9 әскер жараланды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Әскери бір лауазымды Галмудуг уәлаятының Галгудууд қаласында жолға орналастырылған минаның керуен өтіп бара жатқанда кезде алыстан тетікпен жарылғанын мәлімдеді.
Жергілікті ақпарат көздері Данаб арнайы жасақтарына тиесілі керуенде 2 әскердің қаза тапқанын, жаралы 9 сарбаздың Дусамареб қалалық ауруханасына жеткізілгенін білдірді.
Шабуылдың жауакершілігін террор ұйымы «Аш-Шабаб» мойындады.
Сомали Ұлттық телеарнасы болса аталмыш қалаға қарасты Бахдо ауданында Аш-Шабаб шабуылының жергілікті күштер тарапынан тойтарылғаны және 17 террористтің өлтірілгенін хабарланды.
Армия Орталық Шабельдегі тағы бір операцияда 5 террористтің залалсыздандырылғанын жариялады.