НҰР-СҰЛТАН,08 қаңтар.Үстіміздегі жылғы 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады,деп ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлайды.
Сол күні осы қылмысты жасау күдігімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы К.К. Мәсімов және басқа тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Өзге ақпарат тергеу мүдделерінде жариялануға жатпайды.