Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тоқаев:Лаңкестер Қазақстан астанасына шабуыл жасағысы келген

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында лаңкестер тәртіп күштерін өзіне тартып, Қазақстан астанасына шабуыл жасағысы келгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Бір уақытта 11 өңірде көтеріліс болды. Бірақ негізгі соққы Алматыға бағытталды. Бұл біздің ірі қалаларымыздың бірі, қаржы орталығы екенін білесіздер. Маңызды көлік және коммуникация желілері осында. Бұл қаланың құлауы бүкіл оңтүстікті, кейін елді басып алуға жол ашар еді.

Лаңкестер құқық күштерін өзіне тартуға үміттеніп, кейін елордаға соққы жасағысы келген. Біз президент резиденциясына содырлар жиналғанын көрдік. Бұл — шын мәнінде, әртүрлі жолмен ұйымдастырылған мемлекетке қарсы террористік соғыс», — деді Тоқаев сессияда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *