Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК: Қазақстан Республикасындағы жағдай тұрақтанды және бақылауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. 2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды.

Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысандар босатылды.

Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттің іздерін айқындау және жинақтау жүзеге асырылуда.

Барлық азаматтарды құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *