Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін шығару екі күннен кейін  басталады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар.ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін — 13 қаңтарда басталады, ол 10 күннен аспайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады, деп Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«ҰШҚҰ жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған», — деді президент өз сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп қолдау көрсету.

«Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ», — деді Тоқаев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *