Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау облысында есірткіні жарнамалаған 17 сайт бұғатталды

АТЫРАУ, 12 қаңтар. Атырау облысында есірткіні жарнамалаған 17 сайт бұғатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб отырысында белгілі болды.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың мәліметінше, талдау мәліметтеріне сәйкес, есірткімен байланысты қылмыстардың саны өскен.

«Қазіргі таңда есірткі құралдары мен психотпроптық заттардың саны 350-ден астам. Тұтынушылардың басым бөлігін жастар контингенті. Құқық қорғау органдары үшін бұл үлкен проблемалық мәселеге айналып отыр. Есірткі саудасы мен алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі ғаламтор арқылы жасалады», — дейді Нұрхат Оразбаев.

Оның дерегіне сүйенсек, былтыр облыста 127 қылмыс тіркеліп, заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі тәркіленген. Қазір облыстық наркологиялық диспансерде 509 адам есепке алынған.Оның ішінде 22 әйел адам, 1 кәмелетке толмаған бала бар. Синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан 27 тұлға анықталған.

«Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, ғаламтор желісінде жаңа психобелсенді заттарды және синтетикалық жолмен алынған есірткілерді іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Ғаламтор желісінде есірткіні жарнамалайтын 17 сайт анықталып, бұғатталды. Сондай-ақ, 7 есірткі алқабы жойылды. Қызметтік иттердің көмегімен 366 қылмыс ашылды. Оның ішінде 156 ұрлық, 11 тонау, 3 қарақшылық, 28 есірткіге қатысты қылмыстар бар», -деді ол.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға нашақорлықпен күресті мектептен бастап, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Мемлекеттік органдарға, әсіресе облыстық басқармаларға нашақорлық профилактикасына қажетті қаржыны алдын ала жоспарлауды тапсырамын. Денсаулық сақтау министрлігімен есірткінің синтетикалық және өзге жаңа түрлерін анықтайтын экспресс зерттеу құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін келісу қажет. Психикалық денсаулық орталығы нашақорлыққа қатысты есептің үнемі жаңартылуын қамтамасыз етіп, мониторинг жүргізу керек. Нашақорлықпен есепте тұрған адамдарды бақылау, емдеу мен сауықтыруға ерекше назар аударған жөн», -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Былтыр есірткіге ерте жастан тәуелді болудың алдын алу және жасөспірімдер арасында есірткі қылмыстарын болдырмау үшін 580 іс-шара өткізілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрғындарынан Call орталыққа 300 мыңнан астам қоңырау түскенін жазған болатынбыз.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *