ҚЫЗЫЛОРДА, 12 қаңтар. Қызылордада блок-бекеттен өтпек болған көліктен 1,5 келіге жуық есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қаңтар күні сағат 16:50 шамасында полицейлер қала аумағындағы блок-бекетте Honda Odyssey автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 1,5 келіге жуық “марихуана” есірткі заты анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі көлемде есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бүгінгі күні іс бойынша тергеу жалғасуда және өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды.