НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Шымкент қаласы және Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимін алып тастау туралы қаулы шықты. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес мына өңірлерде 2022 жылғы 14 қаңтардағы сағат 18.00-ден бастап ТЖ режимі алып тасталады:
- Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.
- Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші жойылсын.