Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақмола мен Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар. Қазақстанның тағы екі облысында төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алынып тасталады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Ақмола және Қостанай облыстарының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылдың 15 қаңтарында 07 сағат 00 минуттан бастап жойылады, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін президенттің жарлығымен Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарында ТЖ режимі алынып тасталды. Бұл өңірлерде төтенше жағдайдың күші бүгін, 14 қаңтар сағат 18.00-ден бастап жойылды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да төтенше жағдай режимі алынып тасталған болатын.

Еске салсақ, елдегі бүлікке байланысты Қазақстанда 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілген еді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *