НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Ирактың Найнава провинциясында орналасқан түрік армиясының әскери базасы жексенбіге қараған түні зымырандық шабуылға ұшырады, деп Ирактың Shafaq news порталы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Порталдың ақпараты бойынша, Мосул қаласының солтүстік-шығысындағы Зликан түрік әскери базасы аймағында үш зымыран жарылған. Провинцияның күш құрылымдары өкілінің айтуынша, түрік әскерилерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Түрік артиллериясы зымыран ұшырылған жерді атқылаған.
Түркия Зликан базасын Анкарада лаңкестік ұйым деп саналатын Күрдістан жұмысшы партиясымен соғысамыз деген желеумен Ирак жерінде орнатқан. Түркия парламенті қарулы күштердің республика шекарасынан тыс операцияларға арналған мандатын ұдайы жаңартып отырады. Анкара мұның негізін халықаралық құқықта бекітілген өзін-өзі қорғау құқығы деп атайды.
Ирак басшылығы Түрік қарулы күштерінің әрекетін айыптап, оны Ирактың егемендігін бұзу деп атады.