НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. БАӘ астанасы Абу-Дабиде ADNOC ұлттық мұнай компаниясының жанында үш жанармай таситын көлік жарылған, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
WAM агенттігінің хабарлауынша, шабуыл елордалық Эль-Мусаффах ауданында ұшқышсыз ұшақтың көмегімен жасалған.
Жарылыстардан кейін ADNOC компаниясы және Абу-Даби халықаралық әуежайы аймағында өрт шықты.
Шабуыл үшін жауапкершілікті ираншыл «Ансарулла» (хуситтер) қозғалысы өз мойнына алды.
БАӘ полициясы оқиға салдарынан кемінде үш адамның қаза тапқанын және алты адамның жарақат алғанын хабарлады .