Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Новосібірдің екі тұрғыны жарылғыш зат жасады деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. Ресей ФҚҚ қызметкерлері полициямен бірлесіп, Новосібірдің екі тұрғынының үйі мен пәтерінде жарылғыш зат жасауды тоқтатып, 2,5 келіден астам дәрі тәркіледі, деп хабарлайды Новосібір облысы бойынша ФҚҚ. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Ресейдің Новосібір облысы бойынша ФҚҚБ Ресейдің Новосібір  облысы бойынша ІІМ Бас басқармасының қылмыстық іздестіру басқармасымен бірлесе отырып, Новосібірдің екі тұрғынының жарылғыш заттарды заңсыз өндірумен және сақтаумен, оларды өндіруге арналған құрамдас бөліктер айналысқан заңсыз әрекеттерін тоқтатты.», — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер тұрғылықты жерінде – жеке үй мен пәтерде жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды жасайтын химиялық зертханалар ұйымдастырған. Олардың үйлерінен 2,5 келіден астам дәрі, жарылғыш заттар жасауға пайдаланылған химиялық заттар салынған 70 контейнер, сондай-ақ зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді.

Ресей Қылмыстық кодексінің 222.1-бабының 1-бөлігі (жарылғыш заттарды заңсыз алу, беру, сақтау) бойынша қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *