НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар.Хабаровск әкімшілігіне мектептерді миналау туралы хабарлама түсіп, барлық оқу орындары эвакуацияланды, деп қала әкімшілігі хабарлады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Барлық мектептер эвакуациялануда, бұл 71 мекеме. Қала әкімдігінде миналау туралы хабарлама келді», — деді әкімшілік өкілі.
Хабаровск әкімшілігінің сайтында миналау туралы анонимді ақпарат электронды түрде түскені туралы хабарланған. Балалар мектептен шығарылып, жақын маңдағы ғимараттарға орналастырылды. Барлығы 47,6 мыңнан астам оқушы мен 3,3 мыңға жуық қызметкер эвакуацияланды.
Барлық оқу орындарында жарылғыш құрылғылардың бар-жоғы тексерілді. Екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды.
Біробиджандағы мектептерде жарылыс қаупі бар деген хабардан кейін балалар да эвакуацияланды.
«Біробиджанда миналау туралы электронды поштаға түскен ақпаратқа байланысты балалар мектептерден эвакуацияланды», — делінген хабарламада.
Әрбір хабарлама бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде, миналау туралы жасырын хабарламаларға қатысы бар тұлғаларды анықталуда.
Красноярск қаласындағы бірнеше мектепте де эвакуация болды. Красноярскіде 13 қаңтар, бейсенбіден бері мектептерді миналау туралы жалған хабарлар түсіп жатыр.
Өткен бейсенбіде Красноярск қаласының 111 мектебінің оқушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ үш сауда және ойын-сауық орталығының келушілері мен қызметкерлері миналау туралы жалған хабарламаға байланысты эвакуацияланды. Жұма және дүйсенбі күндері тағы сегіз мектеп эвакуацияланды.