Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алты мың 370 террорист залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қантар. Түрік Қарулы Күштерінің Сириядағы «Зәйтүн бұтағы» операция аймағында 2018 жылы 20 қаңтардан бері 6 мың 370 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің елдің оңтүстігінде құруға талпынылған террор дәлізін күйрету, PПK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ сияқты террор ұйымдарын жою, аймақ халқын зұлымдықтан құтқару және шекараның қауіпсіздігін қамдау үшін 4 жылдың алдында «Зәйтүн бұтағы» операциясын бастағаны ескертілді.

Мәлімдемеде:

«Түркияның халықаралық құқықты қамтыған заңды күрес құқығы аясында 2018 жылы 20 қаңтарда басталған операцияларда Түрік Қарулы Күштері тарапынан 6 мың 370 террорист залалсыздандырылды. 1859 километр алаңның қауіпсіздігі қамдалды,террористер аймақтан тазаланғаннан кейін мина мен жарылғыш заттарды тазалап, өмірді қалыпқа түсіру жұмыстары жасалды» деп көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *