ТАРАЗ, 21 қантар. Полицейлер Қарағандыға гашиштің ірі партиясын әкелмек болған Жамбыл облысы Шу ауданының тумасын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, күдікті қылмыс дайындалған сәттен бастап бақылауға алынған. Оның Қарағандыға пойызға билет сатып алғаны туралы ақпарат түскен бойда оны ұстау шаралары қолға алынды. Ал таңғы сағат 5:00-те күдіктіні тау-кен астанасына келген бойда облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Одан жол сөмкесі тәркіленді, оның ішінде 32,5 келіден астам гашиш салынған үш пакет болған.
Тәркіленген гашиштің салмағы аса ірі мөлшер екенін және оның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын атап өтті.