Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Polisia.kz: Жамбылда жерге көмілген қару-жарақ табылды

ТАРАЗ, 21 қантар. Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ табылды.

«Белгісіз адамдар сегіз бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, “Krall” маркалы мылтықты және бір пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Табылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпаратты полицияға жеткізу туралы хабарламадан соң, 102 арнасына тұрғындардан қоңыраулар келіп түсуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *