АЛМАТЫ, 25 қантар. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб
2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында терроризмге қарсы операция режимі және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі алып тасталатыны туралы хабарлайды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Осы уақыттан бастап көрсетілген өңірлерде террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі орнатылады.
Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі және Батыс Қазақстан облысында қалыпты «сары» деңгейі сақталады.
2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысының Балқаш қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіптің қалыпты «сары» деңгейі тоқтатылады.
Әрекеттегі шектеулер жағдайында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу жалғасуда.
Қару мен жарылғыш заттарды табу мақсатында құқықтық тәртіп органдарына көлік құралдарының қозғалысына бақылауды жүзеге асыруға және оларды толық қарауды жүргізуге рұқсат етіледі.
Азаматтарға төзімділік танытып, құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң орындауды сұраймыз.