АЛМАТЫ, 26 қаңтар. Алматының Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб 26 қаңтар күні сағат 00:00-ден 27 қаңтар күні түнгі сағат 00:00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операциялық режим енгізілгенін хабарлайды», — делінген хабарламада.
Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында 4-6 қаңтар аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға шабуыл жасауға қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды.