НҰР-СҰЛТАН, 26 қантар. 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Елордада 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі жойылады, күш құрылымдары штаттық жұмыс режиміне көшті», – деп хабарлады елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 13 қаңтардан бастап террористік қауіптіліктің жоғары, «қызғылт сары» деңгейі белгіленген. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб құқық қорғау органдар жұмыстарына түсіністікпен қарауды және олардың заңды талаптарын сақтауды сұрайды.