Талдықорған, 26 қантар. Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі қалада блок бекеттер өз жұмысын тоқтатқанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы облысында террористік қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінің күшінің жойылуына байланысты Талдықорғандағы блок бекеттер алынып тасталды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттеріне оралады»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ Тараз қаласының аумағына қойылған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің блок бекеттердегі қызметтері аяқталды.
Әскери қызметшілер күнделікті тыныс-тіршілігіне оралып, жоспарлы жауынгерлік оқуларына кіріспек.