НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар.Иракта Халықаралық Бағдат әуежайының азаматтық бөлігіне 6 зымыранмен шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Премьер-министрлікке жақындығымен танымал «NasNews» агенттігінің интернет парақшасына қарағанда Халықаралық Бағдат әуежайының азаматтық қанатына азанда 6 зымыранмен шабуыл жасалған.
Шабуылда аэродромдағы азаматтық бір ұшаққа зақым келгені хабарланды. Жаңалықтарда зақым тиген ұшақтың фотосуреттеріне де орын берілді.
Сондай-ақ Халықаралық Бағдат әуежайында Америка Құрама Штаттарының әскери базасы да орын алады.
Ирактың ресми мекемелерінен болса әзірге шабуылға қатысты мәлімдеме жасалмады.