НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді, деп «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Егер 2022 жыл туралы айтатын болсақ, онда біз Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында: Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық бойынша іс-шаралардың барлығын дерлік жоспарладық», — деді Сидоров.
Жаттығулар 2022 жылдың екінші жартыжылдығында өтеді. 2022 жылғы 19 қаңтарда ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды. Контингент елдегі жағдайды тұрақтандыруға көмектесу үшін орналастырылған еді.