Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның  Эль-Хасак қаласында ИМ 246 содыры залалсыдандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  «Сирия демократиялық күштерінің»  араб-күрд құрылымдары АҚШ бастаған халықаралық коалицияның қолдауымен Сирияның солтүстігіндегі Әл-Хасака қаласындағы қақтығыста «Ислам мемлекетінің» 246 террористінің көзін жойды, күрдттер тарапынан 79 жауынгер өлтірілді, деп сириялық «Аль-Ватан» газеті хабарлайды. Бұд туралы  РИА Новости-ге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

20 қаңтарда ИМ *  содырлары лаңкестік ұйым мүшелері «Сирия демократиялық күштерінің» күрд жасақтары бақылауындағы «Ас-Сынаа» түрмесіне шабуыл ұйымдастырды. Сәрсенбі күні «Сирия демократиялық күштерінің» қолбасшылығы түрме толық бақылауға алынғанын, қалған мыңға жуық лаңкестер араб-күрд жасақтарына берілгенін хабарлады.

 «Соңғы мәліметтерге сәйкес, «Ас-Сынаа» түрмесі мен оның төңірегінде болған қақтығыстарда 246 ИМ* лаңкестері, «Сирия демократиялық күштерінің» 79 қарулы жасақ  жауынгері және жеті бейбіт тұрғын қаза тапты», — деп жазады газет.

26 қаңтарда «Сирия демократиялық күштері» үш мыңнан астам тұтқын болған түрмеге толық бақылау орнатқанын  жариялады. New York Times америкалық шенеунікке сілтеме жасап, 200-ге жуық лаңкес қашып құтыла алғанын хабарлады.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *