НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркия Қарулы Күштері 172 террористті залалсыздандырды.Өткен жылғы ұйымдастырылған 397 операцияда 2 мың 883 террорист залалсыздандырылған болатын, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Соңғы бір айда Ирактың солтүстігінде 25, Сирияның солтүстігінде 147, жалпы 172 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер желісінде жасалған мәлімдемеде:
«Батыр әскерлеріміз ауа райы температурасы нолден төмен 39 градус болған және қардың қалыңдығы 7 метрге жеткен таулы аймақтарда жапалы операцияларды жалғастыруда. Соңғы бір айда Ирактың солтүстігінде 25, Сирияның солтүстігінде 147, жалпы 172 террорист залалсыздандырылды» деп жазылды.
Өткен жылғы ұйымдастырылған 397 операцияда 2 мың 883 террорист залалсыздандырылған болатын.