Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сараптамалық интернет карта арқылы деструктивті ағымдарды тарататын пайдаланушыларды анықтауға болады

ҚАРАҒАНДЫ, 03 ақпан. Қарағанды облысында 15 конфессияның 324 діни бірлестігі және 44 шетелдік миссионер жұмыс істейді. Соңғы үш жылда өңірде деструктивті ағымды ұстанушылар санының айтарлықтай төмендегені байқалады, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Тыйым салынған мазмұнды анықтау үшін сараптамалық интернет карта арқылы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі.

«Бұл жүйе интернетте деструктивті ағымдардың материалдарын оқып, тарататын пайдаланушылар санын азайтуға көмектесті. 2020 жылы мұндай пайдаланушылардың саны 25 742-ге, ал 2021 жылы – 17 653 адамға жетті», – деп хабарлады дін істері басқармасының басшысы Дулат Халел.

Өткен жылы ведомство полиция департаментімен бірлесіп ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша 43 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша 18 материал үшін жалпы сомасы 3 507 200 теңге әкімшілік айыппұл салынды, 13 іс тоқтатылды, 12 материал сотқа жіберілді.

Айта кету керек, әлеуметтік желілерде радикалды діни идеология материалдарын орналастыруға, сараптамадан өтпеген діни әдебиеттерді таратуға және заңсыз миссионерлік қызметке тыйым салынады.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл үшін басқарма атаулы-оңалту және ақпараттық-алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Өткен жылы облыс бойынша 3 880 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оған 227 мыңға жуық адам қатысты.

Өңірде мемлекеттік органдардың жергілікті діни қоғамдастықтармен өзара іс-қимылы үшін діни бірлестіктердің байланыс жөніндегі кеңесі мен клубы жұмыс істейді.

«Жалпы, өңірдегі діни ахуал тұрақты. Халықтың басым бөлігі мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын ұстанады», – дейді Дулат Халел.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *