НҰР-СҰЛТАН, 05 ақпан. Екінші Батыс округтік әскери соты Тамбов облысында лаңкестік әрекетті дайындаған ер адамды сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп Тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Тамбов облысының тумасы Андрей Смагин Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.3 бабымен («Террористік қызметті жүзеге асыру мақсатында оқудан өту»), 30-бабының 1-бөлімі, 205-бапының 1-бөлімі («Террорлық акт жасауға дайындық»), 223.1 бабының 1-бөлімі («Жарылғыш заттарды заңсыз өндіру»), 222.1 бабының 1-бөлімі («Жарылғыш заттарды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау және алып жүру») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімі бойынша Смагин жалпы режимдегі колонияда өтеумен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды», — деп атап өтті Тергеу комитетінде.
Тергеу мәліметтері бойынша, Смагин нацизм идеологиясының белсенді жақтаушысы.
«2020 жылы ол Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының қызметін тұрақсыздандыру және мемлекеттік көші — қон саясатын жүзеге асыру кезінде шешім қабылдауға әсер ету мақсатында белгісіз славян емес адамдар тобын жарып өлтіру арқылы террористік акт жасауға шешім қабылдады», — деді ТК.
Интернетте, соның ішінде онлайн мессенджердегі хат алмасу арқылы Смагин үй жағдайында жарылғыш заттарды, түрлі типтегі қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды қалай жасау және пайдалану туралы арнайы нұсқауларды, әдебиеттерді және бейнероликтерді зерттеген. Ол бірнеше рет қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жасап, оны елсіз жерлерде жарып жіберген. Сотталушы Тамбовтағы студенттер жатақханаларының бірінің ғимаратын жару үшін қолдан жасалған жарылғыш заттың қуатын есептеп шыққан. «2020 жылдың 21 желтоқсанында кешкі уақытта Смагин қолдан жасалған жарылғыш затты заңсыз дайындауды бастаған. Алайда оның әрекетін құқық қорғау органдарының қызметкерлері тоқтатты, ал оның өзі осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды», — деді Тергеу комитеті.