АЛМАТЫ, 06 ақпан. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарындағы жағдайдың тұрақтанғаны туралы хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штабтар басшылары қабылдаған шешімдерге сәйкес ү.ж. 7 ақпанда сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласының, Жамбыл және Алматы облыстарының аумағында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейінің қолданысы жойылады.
Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне өтеді.
Алматы қаласының, Алматы және Жамбыл облыстарының барлық тұрғындарына түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз