НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Красноярск қаласындағы барлық мектептер мен сауда орталықтарының миналануы туралы хабарлама жедел қызметтерге келіп түсті, деп аймақтың күш құрылымдарындағы дереккөз хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет»
«Барлық мектептер мен сауда орталықтарын [миналау туралы хабарлама]. Электрондық поштаға [келді]», — деді агенттік дереккөзі. Куәгерлердің айтуынша, сауда орталықтарынан адамдар эвакуацияланған, мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды.
Красноярск бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің мәліметтері бойынша, миналау туралы ақпарат 07:10-да (Мәскеу уақытымен 03:10) келіп түскен. «Красноярск қаласы мен Краснояр өлкесіндегі мектептер мен сауда орталықтарының миналау туралы анонимді ақпарат. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде», — деп хабарлады бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінде.
Қаңтар айының соңында Красноярскіде 11-сыныптың екі оқушысы бірқатар нысандарды миналау туралы хабарлама жіберді деген күдікпен ұсталып, кейін қамауға алынды. Қаңтар айының ортасында бес жұмыс күні ішінде қалалық қызметтерге білім беру мекемелерін миналау туралы хабарламалар келіп түсті.Эвакуация Красноярск және Краснояр өлкесінің 2470 оқу және басқа да мекемелерінен жүзеге асырылды. Осындай хабарламаларды мектеп оқушылары электронды пошта арқылы елдің басқа аймақтарына жүйелі түрде жіберіп отырды. Жасөспірімдердің айтуынша, олар мұны ермек үшін жасаған.