ШЫМКЕНТ, 11 ақпан. Шымкенттік полицейлер 30-дан астам есірткі жарнамасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 ақпанда Абай ауданының Полиция басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары өз әкімшілік аумағында орналасқан ғимараттардың сыртқы қабырғаларына бейнеленген есірткі жарнамаларын жою жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары Жарқымбеков көшесіндегі ғимараттар мен тұрғын үйлердің қасбеттеріндегі есірткі заттарын жарнамалайтын графикалық жазбаларды анықтап, өшірді.
Нәтижесінде, есірткі тұтынуды және өткізуді насихаттау жүзеге асырылатын интернет-ресурстардың нөмірлері мен атаулары көрсетілген жалпы 31 графикалық үлгідегі жазбалар жойылды.
Айта кетейік, мегаполис полицейлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған осы тектес іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді.