НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Франция мен Сауд Арабиясының тергеушілері «Дакар» раллиіне француз қатысушысы Филипп Буртонның көлігінен жарылғыш заттың іздерін тапты, деп RTL радиосы хабарлады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Тергеуге жақын дереккөз радиостанцияға қолдан жасалған жарылғыш құрылғы болуы мүмкін екенін айтты. Осыған байланысты іс бойынша тергеудің басым нұсқасы лаңкестік әрекет болып қала береді.
Өткен жылдың 30 желтоқсанында, «Дакар» раллиі басталар алдында Сауд Арабиясының Джидда қаласының маңында жарылыс болып, соның салдарынан Sodicars командасының техникалық қолдау көлігінде болған бес адам зардап шекті. Көлік тізгінінде болған француз жарысушысы Буртон аяғынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Францияның Ұлттық терроризмге қарсы прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеуді бастады, қаңтардың соңында Сауд Арабиясына Францияның Ішкі қауіпсіздік бас басқармасының өкілдері, сондай-ақ криминалист мамандар мен терроризмге қарсы прокуратура өкілдері келді.