НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Нью-Мексико штатына қарасты Альбукерке қаласында белгісіз біреу 11 адамды пышақпен жарақаттаған, деп Хабар24 сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Пышақ жарақатын алған 11 адамға қатысты істі полиция тергеп жатыр. Зардап шеккендердің барлығының жағдайы тұрақты. Жалғыз әрекет еткен күдікті ұсталды», – делінген полицияның Twitter-дегі мәлімдемесінде.
KRQE News 13 телеарнасының ақпаратына қарағанда, шабуыл қаланың бірнеше ауданында болған.
Полиция күдіктінің велосипедпен жүріп, жолында кездескен тұрғындарды үлкен пышақпен жарақаттағанын айтады.