НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген анонимді хабарламадан кейін сейсенбі күні Петропавл-Камчатскийдегі барлық жұмыс жасап жатқан мектептердің оқушылары эвакуацияланды, деп аймақтық үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«14 ақпан күні таңертең Петропавл-Камчатск қаласында лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген хабарға байланысты қаладағы барлық мектептердің оқушылары мен қызметкерлері эвакуацияланды. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Екінші ауысым тоқтатылды», — делінген хабарламада.
Осыған ұқсас хабарламалар 26 қаңтар мен 8 ақпанда келіп түскен. Қылмыскерлердің қоқан-лоққылары шындыққа сәйкес келмеді.