НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Францияның астанасы Парижде полицияға пышақты шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Пышақпен шабуыл жасаған адам залалсыздандырылды.
Ішкі істер министрі Гералд Дарманин Twitter-дегі парақшасында Париждегі Солтүстік пойыз стансасында жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 маңында пышақты бір адамның полицияға шабуыл жасағанын білдірді.
Дарманин шабуылшының полиция тарапынан залалсыздандырылғанын түсіндірді.
Франция Қатынас министрі Жан-Батист Джеббари RMC радиосына берген сұхбатында оқиғаны қазір террор лаңкестігі ретінде түсіндірмеді.