Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда 900-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

АЛМАТЫ, 15 ақпан. Алматыда 900-ден астам есірткі жарнамасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Трафаретті жарнама науқаны қаланың Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағында өтті. Оған полиция қызметкерлері, еріктілер және жанашыр азаматтар қатысты.

– Айтпақшы, еріктілер мен белсенділер есірткі қылмысымен күрестегі біздің тұрақты серіктестеріміз. Қоғам заң үстемдігін насихаттап, өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру қағидаттарын дамытып, нығайтуға зор үлес қосқанда өте маңызды. Бір мезгілде қаланың бес ауданының тұрғын үй алқабын қамтыған бұл науқан барысында есірткі жарнамасы бар 900-ден астам граффити жазулары жойылды. Сондай-ақ, шаһар тұрғындары арасында 1 мыңға жуық тақырыптық брошюралар таратылды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сонымен қатар, полицейлер аты-жөнін атамау шартымен, азаматтар есірткі сататын адамдар, сондай-ақ есірткі жарнамасы қолданылатын орындар туралы ақпаратты хабарлай алатын “жедел желі” телефонын еске салды: 8-705-549 -70-25.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *