ПЕТРОПАВЛ, 16 ақпан.2022 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавл және Өскемен қалаларында Интернет-дүкендер арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар бес азаматты ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Заңсыз айналымнан 2 кг астам мефедрон, «α-PVP» психотроптық заттары және 600 гр «Спайс» шегу қоспасы алынды.
Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.