АҚТӨБЕ, 18 ақпан. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде екі дилерді ұстады. Ұсталғандар 28 жастағы ер адам және 22 жастағы қыз, олардан көк түсті ұнтақ заты бар 26 түйіршік тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталғандардың айтуынша, ұсталғанға дейін бірнеше минут бұрын олар 10 есірткі түйіршігін қойып үлгерген, кейін соны полиция қызметкерлеріне көрсеткен.
Сондай-ақ, ұсталғандардан олардың интернет-дүкенде есірткі заттарын өткізу бойынша есірткі қойып кетуші рөлінде жұмысқа қатыстылығы туралы дәлелдері бар мобильді құрылғылар анықталды.
Сонымен қатар, күдікті қыздан есірткіні қолдану фактісі анықталды.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.