НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба орнатылған көліктің жарылуы салдарынан бір адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб аудан орталығындағы «Фатиме Зехра» атындағы мешіті жанында көлікке қойылған бомба жарылды.
Террор шабуылынан 1 адам қаза тапты.
Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылды бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның ұйымдастырған болуы ықтималына назар аударуда.
Түрік Қарулы күштерінің «Евфрат қалқаны» операциясы аясында Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданы 2017 жылдың ақпан айында террор ұйымы ДАИШ-тен тазартылған болатын.