Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Неонацистік топтар Франциядағы терроризм қаупінің жаңа көзі болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан. Француз арнайы қызметтері елдегі лаңкестік қаупі ультра  оңшылдар тарапынан күшейіп келеді деген пікірде, деп France Bleu интернет-басылымы жазады, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, неонацистік топтардың танымалдылығы артқан сайын арнайы қызметтер радикалдардың әрекеттеріне қарсы қырағылықты күшейтті.

 «Оңшыл топтармен байланысты шабуылдар қаупі күннен күнге артып келеді. Олардың қатарында «зорлық-зомбылыққа бейім»  деп саналатын 1500-ден 2000-ға дейін адам бар», — делінген арнайы қызметтердің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарламада.

Басылым Францияның ұлттық терроризмге қарсы  прокуратурасы бюросының радикалдардың әрекетіне қатысты істердің санын көбейгеніне назар аударады.

2017 жылдан бері жоспарланған шабуылдарға қатысты 11 іс қозғалды. Бұл істер бойынша 12 адам сотталды, тағы 52-сі тергеуде, деп жазады портал.

Айыпталушылардың арасында президент Эммануэль Макронды құлатуды жоспарлап жүрген Францияның оңшыл-орталық MoDem партиясының бірінің бұрынғы мүшесі, Реми Дэй Видеман да бар.

Дай Видеманн Франциядан кетіп, Малайзияға қоныстанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *