Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сенат депутаты Қазақстанның діни ахуалы картасын әзірлеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов Қазақстанда деструктивті діни ағымдардың көбейіп бара жатқанына алаңдады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Сенатор қаңтар оқиғаларында діни радикалдар мен қылмыстық топтар халықтың наразылығын сылтау ретінде пайдаланып, ел тыныштығын бұзғанын еске салды. Айтуынша, дін атын жамылған жат ағымдардың мүшелері діни сауаты мен әлеуметтік тұрмысы төмен жастарды өз қармағына түсіру үшін олардың санасын улап, жат идеологиясын таратумен айналысқан.
«Жалпы деструктивті діни ағымдардың түпкі негізі бар, мақсаты ортақ. Яғни халифат құру, халифатта өмір сүру, еліміздің конституциялық құрылымын, заңнамасын, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін мойындамау. 2019 жылы Қазақстан дінтанушыларының 11-ші форумында ҰҚК терроризмге қарсы орталығының өкілі «Қазақстанда деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар саны 20 мыңнан асатынын мәлімдеді. Осы тұста олардың саны неге көбейіп жатыр деген сұрақ туады», — дейді Дүйсембинов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға бюджеттен 270 миллиард теңге бөлінген. Алайда оның тек 4 проценті ғана профилактикалық шараларға жұмсалған.
«Бұл бағдарламаның нәтиже бермегенін қайғылы қаңтар оқиғасы көрсетіп отыр. Әлі күнге дейін жауапты өкілетті органдар бұл мәселеге қатысты баға бермеді», — деді сенатор.
Осыған орай депутаттар діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою үшін бірқатар ұсыныс айтты:
  • діни ахуалды терең зерделеп, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама дайындау;
  • өңірлер бөлінісінде Қазақстанның діни ахуалы картасын әзірлеу;
  • дін саласы бойынша мониторинг және сараптама жүргізетін республикалық зерттеу орталығын құру және оны білікті мамандармен жасақтау;
  • орталықтан басқару және үйлестіру арқылы тиісті әдістемелік, ақпараттық, қаржылық қолдау көрсете отырып, өңірлердегі ақпараттық-насихаттық топтар қызметін жетілдіру және күшейту;
  • дін саласы бойынша мемлекеттік ұйымдардағы дінтанушы, теолог мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту;
  • дәстүрлі діни конфессия өкілдерімен бірлесіп, діни бағытта мамандар даярлайтын орталықтар мен жоғары оқу орындарының сапасын арттыру, бұл жұмысқа кәсіби, азаматтық қоғам өкілдерін тарту;
  • ҚМДБ тарапынан имамдардың білім деңгейін арттырып, сапасын жақсарту.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *