НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Сомалидің Хиран аймағындағы Беледуэйне қаласында болған теракт салдарынан алдын ала мәлімет бойынша он адам қаза тауып, 15 жергілікті тұрғын жарақат алды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жарылғыш құрылғыны қала орталығындағы кафелердің бірінде жанкешті іске қосқан.
Сомалидегі дереккөздердің хабарлауынша, әскерилер мен полиция жарылыс болған жерге жиналған жұртты таратқан.
Бұл шабуыл депутат сайлауына дайындық жүріп жатқан Беледуэйнде дүрбелең тудырды.
Әзірге ешбір топ шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
«Әш-Шабаб» лаңкестік ұйымы соңғы апталарда Сомалидің көптеген қаласында бірнеше жарылыс топтпмасын ұйымдастырған.