НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан. Алеппо провинциясының солтүстігіндегі Азаз қаласында әскери көлікте жарылғыш заттың жарылуы салдарынан түрікшіл топтың жетекшісі өлтірілді, деп САНА агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті ақпарат көздері САНА агенттігіне түрікшіл топтармен байланысты террористік топтар арасындағы жалғасып жатқан соғыс аясында, таңертең Алеппоның солтүстігіндегі Азаз қаласының орталығында әскери көлікте қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, түрік режимінің барлауымен басқарылатын бандалық содырлардың жетекшілерінің бірі өлтірілгенін айтты.