Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының полицейлері 3 келіге жуық есірткі тәркіледі 

ТҮРКІСТАН, 22 ақпан. Түркістан облысында екі тұрғыннан 3 келіге жуық есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің қызметкерлеріне “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аудан аумағында есірткі саудасымен айналысып жүргендер жайында ақпарат келіп түскен. Содан тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылып, күдіктілерді ұстау мақсатында жан-жақты жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері Жетісай қаласы көшелерінің бірінен күдікті ер адамды ұстады. Оған тінту жүргізу барысында сөмкесінен полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат табылып, сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат бір келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.

Сондай-ақ, ары қарай тексеріс жүргізу барысында есірткі сақтаған тағы бір тұрғын анықталды. Полицейлер оның үйіне тінту жүргізіп, үй ауласындағы  кірпіштердің арасына жасырылған есірткіге ұқсас хош иісті затты тапты. Ал сараптама оның кептірілген марихуана екенін растады, салмағы екі келіге жуық. Белгілі болғандай, бұл екі күдікті бір-бірін жақсы таниды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екеуі де қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *