Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Аш-Шабаб» лаңкестері жыл сайын қару-жарақтарына $24 млн жұмсайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Сомалидегі «Аш-Шабаб» террористік ұйымы жыл сайын қару сатып алуға 24 миллион доллар жұмсайды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

«Аш-Шабабтың» кіріс көздері мен әскери шығындары туралы есепті  Могадишода орналасқан Hiraal Institute үкіметтік емес ұйымы дайындады.

Есепте «Аш-Шабаб» қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды елдің қара нарығынан немесе қару-жарақ сатушылар арқылы Йеменнен жеткізітіні айтылған.

Қауіпсіздік қызметкерлері, шенеуніктердің және «Аш-Шабаб» содырларының айғақтары негізінде жасалған есеп бойынша,  ұйым ай сайын 2 миллион долларға қару сатып алады.

Баяндама авторлары лаңкестік ұйымдағы басқару схемасын да егжей-тегжейлі сипаттайды.

Сонымен есепте «Аш-Шабабтың» әртүрлі көздерден, соның ішінде заңсыз салықтар арқылы табыс алатыны, террористік  ұйымның жылдық табысының шамамен 100 миллион долларға бағаланғаны айтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *