Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Террористер қатарына қосылуға шақырғаны үшін Ижевск тергеу изоляторының тұтқыны сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.  Террористік әрекеттерге жәрдемдесті деп айыпталған Мұстафаев Равиль Фаиг оглы 12 жылға бас бостандығынан айырылды (оның үш жылын түрмеде өткізеді), деп Удмуртия бойынша РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп «Udm-info» сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

2020 жылдың шілде-тамыз айлары аралығында Ижевск СИЗО-1-де радикалды ислам идеологиясын жақтаушысы камераластарын көндіру, түсіндіру және ақша беру арқылы Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* және «Талибан қозғалысы»* халықаралық террористік ұйымдарына қосылуға көндірген.

Мұстафаев басқа тұтқындарды түрмеден шыққаннан кейін Сирияға немесе Ауғанстанға барып террористер қатарына қосылуға шақырды, кейін осы мемлекеттер мен Ресей билігіне қарулы қарсылық көрсетуге, соның ішінде лаңкестік әрекеттер жасауға шақырған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамады, алайда Екатеринбург қаласының Орталық аудандық әскери сотының үкімі заңды күшіне енді. 21 жастағы Мұстафаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды, ол алғашқы 3 жылын түрмеде өткізеді.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *