АЛМАТЫ, 24 ақпан. Алматыда есірткі сатумен айналысқан облыс тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының 49 жастағы тұрғыны шаһарда есірткі сатумен айналысқан. Оны тапа-тал түсте құрықтады.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 49 жастағы С.есімді азамат ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде бірнеше полиэтилен байламдары мен өсімдік заты және ерекше иісі бар сіріңке қораптары табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат жалпы салмағы 231,61 граммды құрайтын “гашиш” есірткі заты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.