НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Кенияның қорғаныс күштері сенбі күні таңертең Сомалимен шектесетін жағалаулық Ламу ауданында «Аш-Шабаб» тобының төрт содырын өлтіргенін хабарлады, деп Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Содырлар таңғы қақтығыс кезінде Кения шекарасын кесіп өтпек болды. Топтың қалған мүшелері көптеген жарақаттармен көрші елге қашып кеткен», — делінген хабарламада.
Кениялық әскерилердің ешқайсысы зардап шекпегені атап өтілді.