Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанда мешітке жасалған шабуылда 45 кісі мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз. Пешавар қаласындағы шииттерге қарасты мешітке жасалған шабуылда кемінде 45 кісі қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы шииттерге қарасты мешітке жасалған шабуылда кемінде 45 кісі қаза тапты.

Полиция лауазымдыларының мәлімдемесінде Пешавардағы Куча Рисалдар мешітінде жұма намазы үшін жамағат жиналған кезде бомбалы шабуыл жасалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде шабуылда кемінде 45 кісі қаза тапқаны, 65  кісінің жараланғаны хабарланды.

Шабуылға байланысты тергеу басталды.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан бомбалы шабуылды айыптады.

Қаза тапқан адам саны артуы алаң туғызған шабуылды ешкім мойнына алмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *