Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ДИАШ Пешавардағы террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті  өз мойнына алды

НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы шиит мешіттерінің бірінде болған қанды лаңкестік әрекетті ДАИШ (ИМ)* лаңкестік ұйымы өз мойнына алды, деп жергілікті БАҚ хабарлайды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Куча Рисалдар мешітіндегі жарылыстан қаза тапқандар саны 57-ге жетті, 200-дей адам жараланған.

ДАИШ лаңкестік ұйымы әлеуметтік желілерде шабуылды ұйымдастыру жауапкершілігін өз мойнына алды.

Пешавар полициясының аға суперинтенданты Харун Рашид екі лаңкес мешітке кіруге әрекеттеніп, кезекші полицейлермен атысып, нәтижесінде бір полицейдің қаза тапқанын айтты. Тағы бір полиция қызметкері жарылыс болғанға дейін ауыр жарақат алды.

Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша жергілікті шенеунік бұл бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған жанкешті қатысуымен жасалған шабуыл екенін айтты.

Шабуыл Австралия-Пәкістан крикет матчы өткен күні Пешаварда жасалған. Пәкістан билігі матч қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *