Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Екі ер адам Мэриленд штатындағы авиабазаға бұзып-жарып өтпек болды

НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз. Көлік мінген екі адам Мэриленд штатындағы Эдрюс ​​әуе базасына бұзып-жарып кірмек болды. Базада сол кезде вице-премьер Камала Харрис пен бірқатар америкалық шенеуніктер болды, бір қарулы адам ұсталды, деп РИА Новости  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

WTOP телеарнасының Ақ үйдегі пул журналистеріне сілтеме жасап хабарлауынша, жексенбі күні кешке қарулы адам туралы хабардан кейін база жабылған. Камала Харрис пен «екінші джентльмен» Дуглас Эмхофф, сондай-ақ америкалық үкіметінің өкілдері базадан аман-есен шықты.

«Бүгін шамамен кешкі сағат 21:00-де көлік бақылау-өткізу бекетінен өтіп, Мэриленд штатындағы Эндрюс Біріккен базаның басты қақпасында қауіпсіздік қызметкерлерінің командаларына жауап бермеді… Қауіпсіздік тобы дереу тосқауылдар орнатып, көлікті тоқтатты. Екі адам көліктен қашып кеткен, біреуін 316-шы топ ұстаған. Біреуі бостандықта», — делінген базаның Facebook-тегі жазбасында.

Ұсталған азаматтың қолында қару болғанымен, оқ атылған жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *