НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Нигерде террористік ұйым Боко Харам тарапынан жасалған шабуылда 10 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда террористік ұйым Боко Харам Нигерия шекарасына жақын Гуэскеру ауданына шабуыл жасады.
Шабуылда Фиего ауылында 6, Нгарва-Лаванди ауылында 2, Нгарва-Кура ауылында 2 кісі қаза тапты.
Көрші ел Малидегі Әл-Каида және ДАИШ-пен байланысы бар террористік топтардың шабуылына ұшыраған Нигерде Боко Харамға қарасты топтар аз кезігетін.
БҰҰ санағына қарағанда Нигердегі террорлық шабуылдар себепті соңғы 3 жылда 313 мың кісі ел ішінде жер аударғаны, 235 мың кісі көрші елдерді паналағаны білдірілді.